Қарқаралы (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қарақаралы
Қарқаралы өзенінің орманды жағалауы
Қарқаралы өзенінің орманды жағалауы
Сипаттамасы
Ұзындығы 60 км
Су алабының
ауданы
570 км²
Су алабы Қарасор
Су ағысы
Бастауы Үлкен Қарқаралы және Кіші Қарқаралы өзендерінің қосылған жері
 • Координаттары 49°25′42″ с. е. 75°33′03″ ш. б. / 49.42833° с. е. 75.55083° ш. б. / 49.42833; 75.55083 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Қарасор көлі
 • Координаттары 49°47′31″ с. е. 75°19′06″ ш. б. / 49.79194° с. е. 75.31833° ш. б. / 49.79194; 75.31833 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°47′31″ с. е. 75°19′06″ ш. б. / 49.79194° с. е. 75.31833° ш. б. / 49.79194; 75.31833 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

ҚарқаралыҚарасор алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы жерімен ағады.

Қарқаралы тауларының шығыс етегіндегі бұлақтардан басталатын Үлкен Қарқаралы және Кіші Қарқаралы өзендерінің қосылуынан бастау алып, Қарасор көліне құяды. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 570 км².

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғарғы ағысының арнасы тік жарлы, төменгі ағысы жайпақ. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Ақжол ауылы тұсында 0,033 м³/с. Суы көктемгі қар және бұлақ суларымен толығады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Суы тұщы. Басты салалары: Құрөзек, Түлкілі, Тасбұлақ, Мұқтар. Қарқаралы қаласын, т.б. елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Жазда мал суарылады. Жайылмасында шабындық, өзен бойында тал, шілік тоғайы өседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5